17 қараша-Халықаралық студенттер күні!
2020 жылдың 17-қараша күні ОҚМА үлкен мәжіліс залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен 17-қараша халықаралық студенттер күніне орай концерттік бағдарлама өткізілді.
Іс-шара басында ректор, профессор М.Рысбеков кіріспе сөз сөйлеп, студенттік жылдар әр адамның өміріндегі ең жарқын және ең бақытты жылдар болып табылатынын атап өттіп, студенттерді құттықтап, сәттілік тіледі.
Студенттік ректор Әділет Қасқаров құттықтау сөз сөйлеп, оқуда табыс, ұмытылмас әсер және әр сессияда барлығын оңай меңгеруді тіледі.
Академия белсенділері мереке қарсаңында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының қолдауымен түрлі тілдердегі студенттердің онлайн-бейнеролик құттықтауларын ұйымдастырып, сондай-ақ әзіл-сықақ форматындағы бейнеролик көрсетті.
Мерекелік шара «Шабыт» пен «Жайдарман» ұйымдарының концерттік бағдарламасымен жалғасып, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Студенттік кәсіподақ ұйымы белсенділер үшін Академияның асханасында "кофе-брейк" ұйымдастырып, сондай-ақ «Каспий-голд» қосымшасы арқылы әлеуметтік осал топтағы студенттерге ақша аударымдарын жіберді.
Студенттер күніне орай Студенттік кәсіподақ ұйымының атынан Жатақхана студенттеріне азық-түлік себеттері яғни 33 вермешель (1 кг) және 33 бөтелкеде (1л) күнбағыс майын таратылды.
Бұл іс-шара әлеуметтік желілерде көрсетілді.
