«16 желтоқсан Тәуелсіздік құрбандарын еске алу күні» атты салтанатты іс-шарасы

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан халықтарының тарихи өткеніне, бүгініне және жарқын болашағына патриоттық сезім мен мақтаныш сезімін тәрбиелеу мақсатында , 12.12.24ж. күні «Қазақстан тарихы және әлеуметтік қоғамдық пәндер» кафедрасының ұйымдастыруымен А. Пушкин атындағы қалалық әмбебаб кітапханасында «16 желтоқсан Тәуелсіздік құрбандарын еске алу күні» атты салтанатты іс-шарасы өткізілді.
Мақсаты-Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын айқындап, жастардың бойында патриоттық қасиетті қалыптастыру.
Шара барысында қатысушылар бір минут үнсіздікпен қаза тапқандарды еске алды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің қалыптасу хроникасы мен оқиғалардың бейнебаяны көрсетілді.

Тәрбиелік іс-шара барысында Медицина факультетінің 1-2-курс білім алушылары желтоқсан оқиғасына байланысты баяндама, өлең және күй орындап, Желтоқсан оқиғасынан сахналық көріністер қойды.
Іс-шараға Тәуелсіздік тарихы мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына түрткі болған уәждер туралы материалдар қойылған иллюстрациялық кітап көрмесі дайындалды.
«16 желтоқсан Тәуелсіздік құрбандарын еске алу күні» атты салтанатты іс-шараға белсене атсалысып ұйымдастырғандары үшін, кафедраның аға оқытушылары А.Ж.Ибраимова мен А.Ә.Мырзазия Алғыс хаттармен марапатталды.

12.12.2024, 17:49
192 қаралым