16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні
13.12.2024 жылы «Медициналық биофизика және ақпараттық технологиялар» кафедрасы МШАБ-11-24 және МШАБ-12-24 шетел топтарының білім алушыларына «16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне» орай тәрбиелік сағат өткізді. Тәрбие сағатта «Тәуелсіздік күнінің маңыздылығы», «Қазақстанның тәуелсіздікке жету жолындағы тарихи оқиғалары», сонау Кеңес Одағы кезеңінен бастап Қазақстан Республикасының 1920-1936 жылдары арасындағы даму тарихы туралы айтылды.
Сонымен қатар, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында Алматы қаласының жастары Кеңес Одағының саясатына қарсы шығып, өздерінің ұлттық құқықтары мен еркіндігін талап еткені туралы да айтылды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздікке деген ұмтылысының алғашқы ірі қадамы болды.
1991 жылғы 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жарияланғанын, яғни бұл күн Қазақстанның дербес ел ретінде тарих сахнасына шыққан маңызды сәті болды.
Бұл тәрбие сағаты шетел білім алушыларына достық пен түсіністік орнатуға үлкен үлес қосты, сонымен қатар Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы мол ақпарат алынып, елге деген құрметтерін арттырды деген ойдамыз. Осындай іс-шаралар Қазақстанның мәдениеті мен құндылықтарын әлемге танытуда маңызды рөл атқарады.