«14 наурыз – Көрісу күні-Амал мерекесі»

2024 жылдың 14 наурыз күні Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының Фармацевтикалық пәндер кафедрасының ұжымы көрісу күнін ерекше атап өтті. Сонымен қатар академиямыздың Болашақ АЖО белсенді студенттері, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті белсенді студенттері арасында «Көрісу» күніне орай достық қарым қатынасты нығайту аясында кездесу іс шарасы өтті.
«Көрісу күні»-Еліміздегі Наурыз айында ерекше тойланатын мерекелердің бірі. Бұл күн өте маңызды, себебі жастарға «Үлкенге құрмет-кішіге ізет» деген мақалымыздың мағынасың тереңдігін түсіндіреді, дәл осы күні әр адам өзінен үлкен кісілердің шаңырағына кіріп, амандасып, көрісіп «Бір жасыңызбен» деп ыстық ықыластарын білдіреді.

14.03.2024, 19:01
232 қаралым