12 сәуір - “Қазақстанда ғылыми қызметкерлер күні”
Ағымдағы жылдың 12 сәуір күні ОҚМА “Дәрілер технологиясы” кафедрасының ұйымдастыруымен “Қазақстанда ғылыми қызметкерлер күні” мерекесіне орай шағын түрде конференция өткізілді. Конференцияның негізгі мақсаты –студенттер өз ғылыми зерттеу жұмыстарын баяндау болды. Баяндамаларын жоғары дәрежеде қорғап шыққан қатысушылар:“Фармация” мамандығы бойынша 1- курс магистранттары Бектураева Малика, Касымова Амина, Тыныс Таңшолпан, Даулбаева Арайлым, 2–курс магистранты Төлегенова Гулжанат, 4 –курсстуденті Қалихан Әйгерім және 5–курс студенттері Ауесханова Айгерім, Әуел Динара.
Академиялық ұтқырлық бойынша оқитын БММУ студенттері конференцияның қонақтары ретінде және кафедра оқытушылары өз пікірлерімен ашық түрде бөлісті. Баяндамаларын тарту еткен қатысушыларға да, тыңдармандарға да ғылыми тұрғыда өте қызықты, әрі пайдалы мәліметтер алынды.