12 СӘУІР - ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҒЫЛЫМ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ

2018 жылдың 10 сәуірінде «Мейірбикелік күтім ауруханасында» «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстандағы ғылым қызметкерлері күніне орай «Қазіргі заманғы медицина жетістіктері» тақырыбында конференция өткізілді. Іс-шара қонақтары Ибрагимова А.Г. - оқу-әдістемелік бөлім басшысы, Жусупова М.А. - «Мейірбикелік күтім ауруханасының» бас дәрігері, Сейдахметова А.А. - м.ғ.к., доцент, «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, Жумабаев Т.Ж. - модератор, кафедра доценті және кафедра оқытушылары болды.

1107 1

Конференцияға «Мейіргер ісі» және «Жалпы медицина» мамандықтарының 1, 2, 3 курс студенттері белсенді қатысты. Баяндамалар  үш тілде болды.  Жалпы медицина мамандығының студенттері ағылшын тілінде Қазақстан мен Үндістандағы медицина және білім беру жүйесіндегі айырмашылықтар туралы баяндады.

1107 2

Сонымен қатар мейіргер ісінің болашағы тақырыбында баяндамалар болды.  Конференция соңында кафедра меңгерушісі Сейдахметова А.А. қатысушыларға алғыс пен ізгі тілектерін білдіріп, марапаттау сыйлықтарын тапсырды.

1107 3

13.04.2018, 07:22
417 қаралым