12 Маусым - Медицина қызметкерлер күні

2024 жылдың 12 Маусым күні «Медицина қызметкерлер күні» мерекесіне орай академияның үлкен мәжіліс залында Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Жиынға барлық қызметкерлер қатысты.
Салтанатты іс-шараны ОҚМА ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы ашып беріп, Қ.Р Денсаулық сақтау министрінің «Еңбек ардагері» медалімен, төс белгілерімен, алғыс хаттармен және құрмет грамоталарымен сонымен қатар ОҚМА АҚ дара құрылтайшысы  Сейтжанов Серікжан Сейтжанұлының алғыс хаттарымен марапаттады.
Келесі құттықтау сөзге шыққан оқу әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректор Анартаева Мария Ұласбекқызы медицина саласына еңбегі сіңген қызметкерлерді ОҚМА АҚ ректоры профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлының алғыс хаттарымен марапаттады.
Мерекелік іс-шара, Шымкент қалалық қазақ оркестрінің сүйемелдеуімен және Шымкент қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарымен концерттік бағдарламаға жалғасты. Барлық қызметкерлерді жеткен жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз.

13.06.2024, 18:17
707 қаралым