12 мамыр - мейіргер күні

2022 жылдың 12 мамырында "Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасында мейіргер күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараға Шымкент қаласының №6 қалалық емханасының "Төртінші санаттағы жедел жәрдем станциясы" қызметкерлері, бөлім меңгерушісі Гүлнар Мұратқызы Нұрхожина қатысты.

"Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі" кафедрасының меңгерушісі м.ғ. к., доцент Сейдахметова Айзат Ашимханқызы 12 мамыр мейіргер күні мерекесімен мейіргерлерге жылы лебізін білдіріп ізгі тілектерімен бөлісіп станция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, отбасылық амандық пен мансаптық өсу тіледі.

Сондай-ақ, кафедра "Төртінші санаттағы жедел жәрдем станциясы" ұжымы үшін мейіргерлерге қажырлы еңбектері үшін сыйлықтар ұйымдастырды.

Кафедра ассистенті жоғары санатты дәрігер педиатр Султанова Жанат Сарсеновна "ҚР әр түрлі деңгейдегі мейіргер ісін дамыту" тақырыбында баяндама жасады. Мейіргерлердің білімі біздің Қазақстанның денсаулығын жақсартудың ажырамас бөлігі болып табылатынын атап өтті, сондай-ақ "Төртінші санаттағы жедел жәрдем станциясы" ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, "Мейіргер ісі" білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Оразалиева Назерке "Мейірбике ісінің даму тарихы" тақырыбында баяндама жасады.

20.05.2022, 14:20
609 қаралым