«1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні»

2021 жылдың 30 қараша күні академияның үлкен мәжіліс залында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай салтанатты жиын өтті. Аталған іс шараны оқу орнымыздың ректоры, профессор Рысбеков Мырзабек Мырзашұлы ашып берді. Ары қарай іс-шараны Тұңғыш президентіміз жайлы баяндамасымен Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасының оқытушысы Б.Өтегенов жалғастырды.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай өткізіліп отырған шараның басты мақсаты - Қазақ халқының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған ,қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеуге тәрбиелеу.

Салтанатты іс-шара академиямыздың белсенді студенттері әзірлеген концерттік бағдарламаға ұласты.

30.11.2021, 00:53
362 қаралым