1-желтоқсан дүниежүзілік ЖИТС-пен күресу күні

2022 жылдың 30 қарашасында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының ұйымдастыруымен «ЖИТС-тың ғасыр індеті болуына жол бермейік» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек ұстел модераторы: «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының аға оқытушысы Курманбекова Ш.Ж.
Дөңгелек үстел қонақтары ретінде: «Педиатрия» мамандығының БББК төрағасы – Кемелбеков Қ.С.; «Мейірбике ісі» мамандығының БББК төрайымы – А.А. Сейдахметова; Ғылыми-клиникалық жұмыс,докторантура және магистратура басқармасының басшысы-Жақсылық Алихан Алтынханұлы; Шымкент қаласы, «ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы» маман дәрігері:Абдиева Фатима Тыныштықбаевна; Шымкент қаласы,ДСБ ШЖҚ «Психикалық денсаулық орталығы» ММК маман дәрігері:Садыкова Майра Бейсенбекқызы.; Жалпы тәжірбиелік дәрігер №2 кафедрасының меңгерушісі Даткаева Гүлмира Маханбетқызы және академияның жалпы медицина және педиатрия мамандықтарының білім алушылары қатысты. Дөңгелек үстелде: "ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" маман дәрıгерлері:: Абдиева Фатима Тыныштықбаевна, Джанабаева Лаззат Мустафақызы, Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасының оқытушылары: Полатбекова Шапағат Төлегенқызы,Аргимбек Марал Пернебекқызы, Нақып Нұрғали Сакенұлы , Садыбек Ұлдана Әбілқызы және Шымкент қаласы, ДСБ ШЖҚ "Психикалық денсаулық орталығы" ММК маман дәрıгерı: Садықова Майра Бейсенбекқызы және «Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттері:Хайдаров Султан Шералиевич,Иркаш Кахира Абдулкадерқызы ЖИТС-тың шығу тарихы,эпидемиологиясы,патогенезі,диагностикасы,емі бойынша баяндамалар жасады.ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" маман дәрıгері:: Абдиева Фатима Тыныштықбаевна АИВ/ЖИТС-пен ауыратын науқастар бойынша бүкіл Қазақстан және Түркістан облысы бойынша статистикалық талдауымен бөлісті.
ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы" маман дәрігерлері білім алушыларға жедел тест сынамасын жүргізді. Дөңгелек үстелдің әрбір қонағы өз пікірлерімен бөлісіп, қатысушылар мен кафедра ұжымына тілектер айтылды. Өткізілген дөңгелек үстелде баяндалған баяндамалардан көп ақпараттар алынғандығы айтылды. Осындай іс-шаралар алда көп бола беруіне тілек білдірді.

01.12.2022, 18:14
562 қаралым