1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні

2019 жылдың 4 желтоқсан күні Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының ұйымдастыруымен ОҚМА Медициналық колледжінде 1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне орай«Қоғам өзгерістерге қол жеткізуде» деген ұранмен«Біз ЖИТС-ға қарсымыз» форумын ұйымдастырды. Форумның мақсаты - әлеуметтік толеранттылыққа шақыру және АИВ / ЖИТС туралы мәлімет, оның алдын алу шаралары туралы ақпарат алмасуды ұлғайту.

Колледж студенттерінің назарын бүкіл әлемде жаһандық пандемия деңгейінде алып жатқан АИВ-нің таралуына аудару.

1477 1

Форумның құрметті қонақтары: Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасының меңгерушісі м.ғ.к., профессор Абуова Г.Н. ОҚМА-ның колледж директоры Кушкарова А.М. Қалалық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күрес орталығының бас дәрігерінің орынбасары Есенбеков Т.А.

1477 2

Форум барысында колледж оқушылары өздері дайындаған баяндамаларын баяндады:

«Әлемдегі, Қазақстан Республикасындағы және Түркістан облысындағы АИТВ / ЖИТС жағдайы» - Абдурахманова Д. С-ЕІО 09.02.17; «АИТВ/ЖИТС. Даму тарихы. Этиология, эпидемиология » - Мұсақұлова Ж. С-ЕІҚ – 09.01.17; «Ересектер мен жасөспірімдердегі АИТВ/ЖИТС клиникасы » - Мырза А. С-ЕІҚ 11.01.18; «АИТВ/ЖИТС диагностикасы, емі» - ХакимоваД. С-МІҚ 09.01.17; «АИТВ/ЖИТС алдын-алу шаралары » - Ергешова Д. С-МІҚ 09.01.17.

1477 3

Ең үздік баяндама номинациясы бойынша: Ергешова Д. С-МІҚ 09.01.17; Хакимова Д. С-МІҚ 09.01.17.Абдурахманова Д. С-ЕІО 09.02.17; Мұсақұлова Ж. С-ЕІҚ – 09.01.17; Мырза А. С-ЕІҚ 11.01.18

Топтарының оқушылары сертификаттармен марапатталды.

1477 4

«Ең белсенді топ» номинациясы бойынша оз өнерлері мен плакаттар сайысында С-ЕІО 09.02.17, С-МІҚ 09.01.17, С-ЕІҚ – 09.01.17;С-ЕІҚ 11.01.18 топтарының оқушылары диплом және сыйлықтармен марапатталды.

11.12.2019, 23:57
254 қаралым