1 желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күрес күні

Адамның иммунтапшылығы вирусынан (АИТВ) туындаған инфекциялық ауру әлемнің көптеген елдерінің халқы үшін жаһандық апат болып тұр. Эпидемия қаншама миллиондаған адамдардың өмірін қиды. Бұл ауру адамдарды өте белсенді жаста зақымдайды.
ЖИТС бұл АИТВ - жұқпасының соңғы даму сатысы.
«Жалпы тәжірибелік дәрігер 2» кафедрасында, 05-23 тобының интерн дәрігерлері , «1 желтоқсан - Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес» атты іс шара өткізілді. Аталмыш іс-шарада мұғалім Тасқынова Мая Адилбекқызы ЖИТС-ке қатысты жалпылама түсінік беріп, іс-шараны ашып берді. Интерн дәрігер Аубакир Қасиет интерн дәрігерлеріне, жастар арасында ЖИТС-тің жұғу жолдары, алдын алу шаралары, қауіптілігі жайлы ақпарат берді. Іс-шара соңында, интерн дәрігерлерімен тақырып бойынша кері байланыс жасап, сұрақ жауап алынды.
Сонымен қатар, Шымкент қаласының тұрғындарына ЖИТС бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
“1 желтоқсан- Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес” тақырыбы бойынша Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының кафедра мұғалімдері мен студенттері жыл сайын іс-шаралар өткізеді. Іс-шараның басты мақсаты:
- осы проблемаға қоғам назарын аудару. - Қоғамда АИТВ/ЖИТС жұқтырған адамдарды алалау,кемсіту,бөлу секілді қөзқарастарды болдырмау.
- АИТВ/ЖИТС жайында түсініктерін кеңейту үшін мәліметтер беру. - АИТВ/ЖИТС жұқтырғандарға медициналық, психоәлеуметтік, моральдық көмектің көрсетілуіне ықпал жасау. - АИТВ/ЖИТС проблемасына халықаралық, отандық,үкіметтік емес ұйымдарды тартып, бірігіп жұмыс жасау.
Аталмыш күнді белгілеу арқылы қоғам, сондай-ақ әрбір адам өзінің адами құндылығын сақтай отырып, толыққанды және продуктивті өмір сүруге тең құқығы барын көрсетеміз.
Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні арқылы біз елдерді бізбен бірге дені сау қоғам құру үшін және күш-жігерімізді дұрыс бағытқа пайдаға асыруға шақырамыз!

03.12.2024, 17:05
153 қаралым