1 МАМЫР – ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНЫҢ БІРЛІГІ КҮНІ

2023 жылдың 26 сәуірінде ОҚМА-ның үлкен акт залында Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы және Шет тілдер кафедрасының ұйымдастыруымен «1 мамыр - Қазақстан Халықтарының бірлігі күніне» арналған мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шараны ректор, профессор М.М.Рысбеков ашып беріп, академия ұжымы мен студенттерін маңызды мерекемен құттықтады.
Бүгін Қазақстан аумағында тұратын барлық халықтардың бірлігінің мерекесі. Бұл жарқын көктем мерекесі Қазақстанның әр қаласында өтеді, онда қалалардың орталық көшелері бойында шерулер, сондай-ақ көптеген ойын-сауық шаралары ұйымдастырылады.
Іс-шара бағдарламасында түрлі ұлттардың ұлттық билері мен әндері орындалды. Концерттік бағдарлама залға жиналғандардың барлығына өте ұнады.
Академиямыздың барлық қызметкерлері мен студенттерін 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

27.04.2023, 18:13
445 қаралым