ЖОО КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІ
Дипломнан кейінгі білім беру секторы ғылыми-клиникалық бөлімнен бөлініп шыққан (31.01.2011ж., бұйрық №8п). Қазіргі кезде ОҚМФА ректорының бұйрығымен (бұйрық №80п, 28.08.2013ж) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі (ЖООКББ) болып өзгертілді.
ЖООКББ бөлімінің құрылымына:
- бөлім бастығы;
- бөлім әдіскері;
- бөлім маманы кіреді.
ЖООКББ бөлімінің мақсаты – ғылыми-педагогикалық, әкімшіліктік-басқару және клиникалық кадрларды даярлау болып табылады.
ЖООКББ бөлімінің міндеттері:
- Магистратура және резидентурада жоғары квалификациялық деңгейдегі мамандарды даярлау;
- Білім беру нарығында – жалпыға міндетті мемлекеттік стандартқа және қазіргі заманғы тенденцияларға жауап беретін мамандарды даярлау барысында бөлімнің ішінде сапа жүйесін енгізу, дамыту;
- Білім алушылар арасында жоғары деңгейдегі оқу және еңбек тәрбиесін қамту, қадағалау және ұйымдастыру;
ЖООКББ бөлімінің қызметі:
- ЖООКББ бөлімі магистранттар мен резиденттердің оқу процесін және ғылыми жұмыстарын бағыттайды, қадағалайды және ұйымдастырады;
Магистранттар мен резиденттерді даярлауға қатысатын кафедралардың барлық формадағы оқу процестерін қадағалайды, тұрақтайды және ұйымдастырады.
