ОҚМА ӘДЕП БОЙЫНША УӘКІЛ

Anartayeva.M.U

 

 

Оқу-әдістемелік және тәрбие жұмыстар жөніндегі проректор, 

ОҚМА Әдеп бойынша уәкіл –

Анартаева Мария Ұласбекқызы

Медицина ғылымдарының докторы, доцент

 

1991 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтын (ҚММИ), 1993 жылы ҚММИ «Акушерлік және гинекология» мамандығы бойынша клиникалық ординатура оқуын тәмамдады.

80-нен астам ғылыми еңбектері бар (соның ішінде Web of Science, Thomson Reuters мәліметтер базасының халықаралық рейтінгілік журналдарында 2 жарияланымы бар), зияткерлік меншікке 3 авторлық куәлігі, өнертабысқа, 6 әдістемелік нұсқауға, монографияға ҚР патенті бар.

2 медицина ғылымының кандидаты мен 10 магистрант дайындады.

«Денсаулық» бағыты бойынша Республикалық оқу-әдістемелік ұйымның, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының фармацевтикалық, медициналық өнеркәсіптің және медициналық қызметтер комитетінің адами капиталды дамыту бойынша кіші комитеттің мүшесі болып табылады, аккредитация бойынша ұлттық эксперт, №17.028.02 сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудиторы.

2012 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен (2016) және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» медалімен марапатталған.

 

19.08.2021, 07:12
490 қаралым