«ФРОНТ ОФИС»

front office 1 

 

Фронт офис «Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын іске асыру үшін қызмет етеді.

Фронт офис қызметінің негізгі мақсаты:

«Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясы» АҚ-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы құрылымдар қызметінің барлық бағыттарын үйлестіру арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерінің әртүрлі формаларын анықтау, болдырмау, жою.

Фронт офис қызметінің негізгі міндеттері:

• «ОҚМА» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыты бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

• «ОҚМА» АҚ аумағында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүйелі мониторинг жүргізу;

• Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша кеңес беруді ұйымдастыру;

• «ОҚМА» АҚ-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асыру саласындағы қызметін үйлестіру;

• «ОҚМА» АҚ аумағында өтетін барлық білім беру, тәрбие және басқа да үдерістерге қатысушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен санасын қалыптастыру мәселелері бойынша бағыттарды реттеу.

 

Егер Сіз «ОҚМА» АҚ аумағында сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық фактісінің куәсі болсаңыз, Фронт офиске келіп Комплаенс офицерге немесе «Комплаенс жедел желісі» телефонына хабарласуыңызды сұраймыз.

Телефон: /87252/39-42-83, 87773586145

Электрондық пошта: anticorruption@skma.kz

 

19.08.2021, 07:17
811 қаралым