«Жүректен жүрекке» тақырыбында Қарттар үйіне қайырымдылық акция

2025 жылдың 23 сәуір күні сағат 11:00-де, Шымкент қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне «Жүректен жүрекке» тақырыбында «Әлеуметтік-гуманитаралық пәндер» кафедрасының аға оқытушылары Сабитов Т.Ж., Бұрхан Е.Ж. жетекшілігімен В-ФӨТҚАБ-05-23 тобымен қайырымдылық акция өткізді.
Іс-шара мақсаты:
Қарттарға құрмет көрсету, оларға қуаныш сыйлау, студенттердің әлеуметтік жауапкершілігін арттыру.
Іс-шара барысы:
- Студенттер мен оқытушылар «№10 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» мекемесіне барды.
- Қарттарға арнайы тәтті-дәмділер, жеміс-жидек, көкөністер мен азық-түлік заттары апарылды.
- Концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ән-шашу мен өлеңдер оқылды.
- Студенттер мен қарттар арасында ашық әңгіме, естеліктер бөлісу сәттері болды.
- Қарттар өз ризашылықтарын білдіріп, бата-тілектерін берді
Іс-шара өте жылы атмосферада өтті. Студенттер рухани тәрбие алып, үлкендерге деген қамқорлықтың маңызын түсінді. Қарттар қуанышқа бөленіп, алғыстарын білдірді. Мұндай шаралар жастардың адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарады.

24.04.2025, 09:50
64 қаралым