«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы.

Қайырымдылық — көмекті қажет етушілерге білдірілетін сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі болып табылады. Жаңа жыл - жақсы істерді жасайтын тамаша уақыт! Жаңа жыл қарсаңында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер» кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы және бір топ еріктілер мен студенттердің ұйымдастыруымен қалалық деңгейдегі «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» -«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.
Қайырымдылық іс-шараның мақсаты - ата-ана меірімінен айырылған балаларға жаңа мүмкіндіктер ұсынып, қоғамның қамқорлығын сезініп, ертеңгі күнге сеніммен қадам басуына жағдай жасау болып табылады.

«Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында» кафедра ұжымы жаңажылдық сыйлықтарын сыйлады. Сонымен қатар балалардың ол жерден алып жатқан білімдерімен, тұрмыс-тіршілігімен танысып, тәрбиешілерімен тілдесті.
Жетім балаларға қамқорлық жасайтын, жағдайларына қарайласатын, қоғамның тағдырына бей-жай қарамайтын азаматтары бар елдің ғана болашағы баянды, тәуелсіздігі тұрақты болмақ.
«Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясына қолдау көрсеткен бір топ білім алушылар мен еріктілерге, кафедра ұжымына, сондай ақ белсене атсалысып ұйымдастырғандары үшін, кафедраның аға оқытушылары А.Ж.Ибраимова мен А.Ә.Мырзазияға ерекше алғыс білдіреміз!

12.12.2024, 17:53
169 қаралым