Жүрегінің төрінен жұмақ жасап алған жан

Белгілі драматург, жазушы, Жұмат Шанин атындағы қазақ драма театрының режиссері Сая Қасымбек ханымның 60 жылдық мерейтойына орай Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасында оқырман жастармен “Жүрегінің төрінен жұмақ жасап алған жан” тақырыбында кездесу өтті. Кездесу барысында ОҚМА АҚ жанындағы медицина колледжінің оқытушылары мен С-Міқ-11.01.23 тобының білім алушылары жазушының өмірі, еңбек жолы, шығармашылығының қыр-сырларымен жақынырақ танысты. Білім алушылар жазушының шығармаларын мәнерлеп айтса, кітапхана ұжымы бір ертегіні сахналап қойды. Қаламгер мен оқырман сүбелі сұқбат құрып, рухани азық алды.

19.03.2024, 17:31
101 қаралым