«ЖТД-2» КАФЕДРАСЫНДА НАУРЫЗ ӨТТІ
24-сәуір күні «Жалпы тәжірибелік дәрігер-2» кафедрасы интерндердің ұйымдастыруымен Наурыз мейрамын аталып өтті. Іс-шараға барлық 16 топ интерндер атсалысты. Кумаров Мирас пен Кораглиева Русалина Наурыз мейрамын жүргізіп, кафедраның профессор-оқытушылар құрамына: Досыбаева Г.Н., Сартаева Қ.А., Биболова А.С., Сметова Р.А., Баймуратова Б.Н., Қуанышева Б.А., Жиен А.К., Таскынова М.А., Абдиева Б.М., Отумбаева Е.Т., Жүрсінбек Г., Балқашбек Ж., және болашақ дәрігерлерге жылы лебіздер мен Мемлекеттік аттестацияны сәтті тапсыру тілектері айтылды, бата берілді.
Ұлттық салт-дәстүр рәсімі жасалды. 07-23 топ интерні Мұратбекқызы Назымның ұлы Назардың тұсауы кесіліп, шашу шашылып Наурыз мейрамының шырайын келтірді. Ұлттық ойындар ойнатылып, би билеп, ән шырқалды.
