Жұмыс берушінің жоғары бағасы!
30.05-10.06.2022 аралығында ОҚМА, «Фармация» мамандығының 4курс студенттері «Дәрілердің өндірістік технологиясы» пәнінен АҚ «Химфармда» өндірістік тәжірибеден өтті. Жұмыс беруші студенттердің дәрілік құралдарды өндірудегі дайындығын, дағдыларын және теориялық дағдыларының жоғары деңгейде екендігін мәлімдейді.
АҚ «Химфарм» студенттерді жоғары деңгейде дайындағаны үшін АҚ «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» кафедра меңгерушісі, фарм.ғ.д., профессор Сағындықова Баян Ахметқызына, «Дәрілер технологиясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық ұжымына алғысын білдіреді.
20.06.2022,
14:42
409 қаралым