"ЖОО-ның үздік оқытушысы" атағын беруге конкурс өткізу туралы

Конкурс "Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы" атағын беру қағидаларын бекіту туралы (бұдан әрі – қағидалар)" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2015 жылғы 16 наурыздағы № 124 бұйрығына сәйкес өткізіледі.
Конкурсқа жоғары оқу орындарының штаттық оқытушылары болып табылатын, конкурсқа құжаттарды ұсыну сәтінде кемінде бес жыл үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды ұсыну мерзімі 2023 жылғы 1-10 қараша аралығында.
Конкурстың I кезеңі бойынша апелляция беру мерзімі 11-15 қараша аралығында.
Байқаудың II кезеңі 2023 жылдың 17 қарашасында басталып, 2023 жылдың 15 желтоқсанына дейін жалғасады.
Құжаттарды электронды түрде толтыру туралы ақпарат конкурстың дербес электрондық мекенжайы тіркелгеннен кейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпараттық жүйесінде орналастырылатын болады (https://universitycontest2023.iac.kz/).
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда СДжХЫ бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз.


Стратегиялық даму және Халықаралық ынтымақтастық бөлімі

01.11.2023, 16:41
279 қаралым