«Жоғары оку орнының үздік оқытушысы – 2021»!

1 қарашада «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы – 2021» байқауына құжаттарды қабылдау басталады!
Байқаудың мақсаты – педагог мамандығының беделін арттыру және университет оқытушыларын одан әрі кәсіби шыңдауға ынталандыру болып табылады.
Байқауға 5 жылдан кем емес үздіксіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар және оқу және ғылыми-зерттеу қызметінде жоғары жетістіктері бар университеттің күндізгі бөліміндегі оқытушылары қатыса алады.
Байқау екі кезеңде өткізіледі – ЖОО ішілік және республикалық. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» байқауына қатысуға өтініш пен құжаттар электронды форматта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің universitycontest.iac.kz ақпараттық жүйесі арқылы қабылданады.
Құжаттарды қабылдау 2021 жылдың 15 қарашасына дейін жалғасады.

 

Барлық сұрақтар бойынша:
Мусаева Арина Галимқызы +7 771 320 24 22

28.10.2021, 22:40
489 қаралым