"Жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің" сайты ашылды

Құрметті Академия қызметкерлері мен білім алушылары, сіздерге "Жобаларды басқару және коммерцияландыру офисінің"сайтын құру туралы қуана хабарлаймыз! Енді @skma.project Instagram парағынан басқа, офис туралы барлық ақпаратты projects.skma.edu.kz сайтының: "Біз туралы", "Оқыту", "Оқу материалдары", "Ресурстар", "Біздің кеңесшілер", "Байланыс" бөлімдерінен алуға болады. Сондай-ақ, "Консультацияға жазылу" бөлімінде сіздерге ыңғайлы болу үшін, консультацияға жазылу күні мен уақытын таңдау мүмкіндігі жасалған.

Барлық офистің қызметкерлерінің атынан сайттардың жетекші маманы, КТБО қызметкері – құрметті Никита Воронинге сайтты жасағаны үшін алғыс білдіреміз.

22.11.2022, 12:57
404 қаралым