Жетім көрсең – жебей жүр!
2015 жылдың 15 қараша күні жастар саясаты секторы мен «Гигиена-1» кафедрасының ұйымдастырумен Төлеби ауданындағы №2 балалар үйіне «Жетім көрсең – жебей жүр!» ұранымен академияның белсенді студенттері мен кафедра оқытушылары, жастар саясаты секторы қызметкерлері барып қайтты.
Арнайы дайындалған сценарий бойынша студенттер ойын ойнатып, ән салып, би биледі. Балалардың ой-өрісін дамытатын сұрақ-жауаптар жүргізіліп, дұрыс жауап берген балаларға сыйлықтар берілді.
26.11.2015,
04:57
512 қаралым