Жемқорлық факторларының алдын алу!

2022 жылы 22 ақпан күні ОҚМА кіші мәжіліс залында ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бас маманы Әлжанова Жазира Салханқызы және «Әділдік жолы» РҚБ Шымкент қаласындағы филиалының басшысы Кесебаева Айжан Өмірзаққызы мен ОҚМА студенттерімен кездесу өтті.

Кездесу барысында жемқорлық факторларының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, адалдық, парасаттылық құндылықтары жайлы сөз қозғалды. Және де студенттерге сыбайлас жемқорлықтың зардаптары жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

23.02.2022, 11:15
491 қаралым