Жемқорлыққа жол жоқ!
2016 жылдың 14 қыркүйек күні академияның үлкен мәжіліс залында жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен студент жастар арасында құқықбұзушылықты ескерту және алдын-алу, атап айтқанда тәртіпбұзушылық, бопсалау және сыбайлас жемқорлық мәселелерін талқылау мақсатында «Жастар арасындағы құқықбұзушылық пен сыбайлас жемқорлықты ескерту және алдын-алу!» атты тақырыпта ауқымды кездесу өткізілді. Аталған кездесуге ҚР мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің қызметкерлері Жүндібаев Ғабит Өмірәліұлы және Колосков Алексей Владимирович қатысты. Кездесу барысында қазіргі таңда кездесіп жатқан мәселелермен бөлісіп, жастарды жемқорлықсыз өмірге аяқ басуға шақырды. Елі үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деген сенім білдірді (қамтылған студенттер саны-300).