Жеңісіңнің жемісін көр!

942 7

2017 жылдың қаңтар айында ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы мен «Вечерний Алматы» газеті редакциясының ұйымдастыруымен  Алматы қаласында өткен 28-ші қысқы Универсиада ойындары аясында «Үздік жанкүйер»  байқауы жарияланды. Әлеуметтік желідегі байқаудың жеке парақшасы арқылы, ұйымдастыру алқасының ресми аккаундтары арқылы, ЖОО-ның аккаундтары мен «Вечерний Алматы» газетінің басылымдары арқылы халықтық дауыс беру жүргізілді. Аталған байқауға академиямыздан 3 үміткер қатысып, одан академияның белсенді студенті, әрі «Шабыт» ұйымының мүшесі, «Медико-профилактикалық іс» мамандығының 1 курс студенті Иембердиев Қайрат өзінің жеке туындысын шығарып жолдады. Сонымен, наурыз айының ортасындағы байқау нәтижесі бойынша, Қайрат «Үздік жанкүйер» номинациясын иеленді. 

Жеңісі құтты болып, одан да биік белестерді бағындыра беруіне тілектеспіз!

17.03.2017, 06:45
293 қаралым