Жеңіс құтты болсын!
Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында 32-ші спартакиада ойындарын өткізді. Аталған спартакиадада 10 спорт түрінен (волейбол, дойбы, шахмат, баскетбол, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, шағын футбол, қол добы, жеңіл атлетика, стритбол) 9 оқу орны бақ сынасты. Ақпан айында басталған спартакиада мамыр айында аяқталып, жалпы есеп бойынша ОҚМФА студенттері ІІІ орынды иеленіп, арнайы кубок пен 3 дәрежелі дипломмен марапатталды. Дене шынықтыру курсы оқытушыларының басшылығымен дайындықтан өтіп, жарысқа қатысқан студенттеріміз үмітті ақтады деген сенімдеміз. Медицина саласының маманы бола тұра, академиямыздың намысын қорғап, алғашқы үштіктің құрамына кірген спортшыларымызға алда тек сәттіліктерді тілейміз! Жарайсыңдар!