Жастар жылының салтанатты ашылуы немесе 2019 жылдың жастар үшін елеулі іс-шарамен басталуы

1238 1

Елбасының 2018 жылдың 5 қазан күнгі «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көрсетілгендей 2019 жыл «Жастар жылы» деп белгіленген болатын. 

1238 2

Осы тұрғыда, 2019 жылдың қаңтар айының 23 күні Мемлекет басшысының қатысуымен «Тәуелсіздік ұрпақтары» Жастар жылының ашылуы салтанатты рәсіміне орай форум өтті. Форум Ұлттық телеарналарда тікелей эфирде көрсетілді. Аталған тарихи маңызы бар іс-шараға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы да №4 оқу ғамаратының дәріс залында студенттер мен қызметкерлердің қатысуымен тікелей эфирге қосылды. 

1238 3

Қазақстандық жетістікке жеткен жастар Елбасының алдында сөз сөйлеп, «жастар жылында бізге қандай көмек беріледі?» деп емес, «жастар жылында қандай жетістікпен көзге түсем?» деген пікірлерін білдірді. Елбасы жастарға жасалып жатқан мүмкіндіктерді айтып, шара соңында сәттілік тіледі.

1238 4

1238 5

26.01.2019, 00:16
241 қаралым