ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ, БҰЗАҚЫЛЫҚ ПЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ОРЫН АЛУЫН ЕСКЕРТУ ЖӘНЕ ЖОЛ ЖҮРУ ЕРЕЖЕСІН АЛДЫН-АЛУ!
04.04.2023ж, «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледж білім алушыларға «Жастар арасындағы құқықбұзушылық, бұзақылық пен сыбайлас жемқорлықтың орын алуын ескерту және жол жүру ережесін алдын-алу!» тақырыбындағы ауқымды кездесу өтті. Кездесуге Шымкент ҚПД Тұран АПБ ЖПҚБ ЮПБ полиция аға лейтенанты С.Е. Иляс, Тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасары М.Тайжанова, «Жалпы білім беру пәндер» кафедрасының меңгерушісі А.Т.Сатаев, колледж психологы А.Досымбекова қатысып, білім алушылар мен жастар арасында құқықбұзушылықты ескерту және алдын-алу, атап айтқанда тәртіпбұзушылық, сыбайлас жемқорлық, жол жүру ережесін сақтау мәселелерін талқылау мақсатында әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында қонақтарымыз қазіргі таңда кездесіп жатқан мәселелермен бөлісіп, жастарды жемқорлықсыз өмірге аяқ басуға шақырды. Бос уақыттарын үйірмелерге жазылып, қоғамдық шараларға қатысуларын ескертті. Елі үшін аянбай еңбек ететін, қызмет пен мансап қуалаудан бұрын ар-ұят пен патриоттық сезімді алға қоятын азаматтар шығады деген сенім білдірді. Студент жастар көкейіндегі сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алып қайтты