Жас волонтер!

2023 жылдың 19 қыркүйек күні, Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен «ОҚМА» АҚ жанындағы медицина колледж білім алушыларға және академияның белсенді студенттеріне “Ақиқат” пікірсайыс клубының төрағасы, модератор Абжан Темірхан Германұлы ерікті жастар қауымдастығын қалыптастыруға, қаланың көркейуі мен мұқтаж адамдарға көмек беруге бағытталған жастардың жаңа және қолданыстағы бастамаларын мемлекеттік қолдау мақсатында «ЖАС ВОЛОНТЕР» жобасы аясында волонтерлік ұйымдардың үздік жобалар байқауын өткізу туралы ақпараттық жұмыстар және “Волонтер қызметі” туралы UNICEF & ҰВЖ “BeSafe” жобасының волонтері, менторы - Шер Мухаммад Марзия түсіндірме жұмыстарын жүргізілді.
Студенттер өз ойларымен бөлісіп, көкейкесті сұрақтарына жауап алды.

19.09.2023, 15:05
397 қаралым