«Жас отбасылар» байқауы
Жастар саясаты бөлімі мен Оңтүстік Қазақстан облысы Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірлесіп ұйымдастыруымен 2017 жылдың 26 қазан күні ОҚМФА-ның үлкен мәжіліс залында отбасылы студенттер арасында «Жас отбасылар» байқауы өткізілді. Байқау мақсаты мемлекеттік «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыруда облыстық денсаулық сақтау басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде отбасының берекесін сақтау, бірлігін нығайту болып табылады. Фармацевтика факультетінің деканы Жұмабаев Нарбек Жұмабайұлы байқауды ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тіледі. 4 жұп қатысқан байқау таныстыру, әке мен анаға жеке-жеке тәжірибелік дағдыларды көрсете отырып, сұраққа жауап беру, өз өнерін көрсету кезеңдерінен тұрды. Әділ қазылар алқасының құрамында СӨС қалыптастыру орталығының басшысы Ф.Байзахова, ЖСБ меңгерушісі Ғ.Оразымбетова және арнайы шақырылған педиатр мамандары төрелік жасады. І орынды Торакуловтар отбасы, ІІ орын балл сандары тең түскендіктен Серікбай мен Сейділлахан отбасына бұйырды. Жеңімпаздар өздерін жоғары дәрежеде көрсетіп, алғыс хатпен және кілеммен марапатталды.