Жас мамандардың және PhD философия докторларының жұмысқа орналастыруын мониторингілеу

16 қараша 2022 ж. Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының ұйымдастыруымен Академиямыздың 2023 жылғы барлық деңгейлер бойынша бітіруші түлектермен «Бітіруші түлектерді жұмысқа орналасу міндеттері мен ережелері» атты тақырыпта жиналыс өткізілді. Интернатура және бітірушілерді жұмысқа орналастыру деканатының деканы, PhD Кемельбеков Канатжан Сауханбекович алғы сөз барысында бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру өзекті маңызды мәселе ретінде назар аудартты. Жиналыс барысында АҚ «Қаржы орталығы» Мониторингілеу департаментінің менеджері Байсеркешова Мария Сагитжановна Мемлекеттік білім тапсырысы мен ауыл квотасы негізінде білім алған бітіруші түлектерге міндеттелген жұмыспен өтеу ережелерімен мемлекеттік және орыс тілдерінде баяндама жасады. Сонымен қатар, нормативтік құжаттармен таныстырып, жаңа өзгертулер мен толықтырулар бойынша қосымша ақпараттар берілді. Бітіруші түлектер барлық деңгейлер бойынша сұрақтарын қойып жауаптар алынды. Сұрақ жауаптар толық талқыланды.

17.11.2022, 09:47
477 қаралым