ЖАС ҒАЛЫМДАР МЕН СТУДЕНТТЕРДІҢ II ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «МЕДИЦИНА ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛАР» КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

2023 жылдың 12 сәуірінде Ғылым күніне орай Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясында «Микробиология, вирусология және иммунология» кафедрасында «Медицина және инновациялар» тақырыбында II Халықаралық конференция өтті. Конференцияға С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті, Ташкент медицина академиясының Үрген филиалынан, сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан медицина академиясынан оқытушылар, студенттер және резиденттер қатысты. Конференцияда пневмония, туберкулез, гепатит, антибиотиктерге төзімділік және т.б түрлі өзекті мәселелер қаралды.
Конференция мазмұнды өтті, қатысушыларға дипломдар мен сертификаттар табыс етілді.

13.04.2023, 12:06
391 қаралым