«Жаңғырған жыр арқауы» атты қалалық байқау

2022 жылдың 18 қараша күні Шымкент қалалық ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген, қоғамдық белсенді өзге ұлт өкілдерін ынталандыру мақсатында «Жаңғырған жыр арқауы» атты қалалық байқауы өткізілді.
Байқауға ОҚМА атынан халықаралық факультетінің 2 курс 29-21 және 24-21 топтарының студенттері Dar Faizan Gul мен Muhammad Farhan Ayoub қатысты.
Байқауға қатысушы үміткерлер қазақ акын жазушыларының өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқудан өз бақтарын сынады.
Аса тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша І орынды «Үш бақытым» өлеңін оқыған Muhammad Farhan Ayoub иеленді.

18.11.2022, 13:50
378 қаралым