Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!

2022 жылдың 12 қаңтар күні ОҚМА Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасы мен кәсіподақ ұйымымен бірлесе отырып, ел тыныштығы мен тәртіпті күзетіп тұрған блок бекеттегі сарбаздарға ыстық тамақ таратты.

Бұл бекеттерде полиция, әскери қызметкерлер тәулік бойы қызмет етуде. Сақтық шаралары ең алдымен қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажет. Блок бекеттерде полицейлер әрбір көлікті тоқтатып, тексерістен өткізіп жатыр. Бұл шаралар еліміздің, халқымыздың тыныштығы, қауіпсіздігі үшін қажет.
Полиция қызметкерлері риза болып, алғыстарын білдірді. Қазақ халқына ерекше тән ұлттық қасиет жанашырлық болып табылатындықтан әрқашан жақсылық жасайық, бір бірімізге қамқор, жанашыр болайық!

12.01.2022, 21:17
668 қаралым