«Жалынды жастар» атты мүшәйра
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдық мерейтойы қарсаңында «Жастар ресурстық орталығының» ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған «Жалынды жастар» атты мүшәйрасы өткізілді. Аталған іс-шараға 33-тен астам үміткер қатысып, өз өнерін паш етті. Академиямыздың намысын «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығының 4 курс студенті Иембердиев Қайрат қорғап, намысты қолдан бермеді.
Байқау қорытындысы бойынша сөз мәнерімен, ой тереңдігімен және нағыз ақындық қасиетін көрсете білген біздің Қайрат жүлделі І орынды иеленді. Академия қабырғасында тек алдыңғы қатарлы үздік, әрі үлгілі студент қана емес, қоғамдық жұмыстарға белсенді ат салысып жүретін Студенттік ректор.
Қайратты жеңісімен құттықтап, алда алар асуы көп болсын деген тілектеміз!
![](/img/view.png)