Жайдарман

2017 жылдың 4 сәуір күні академияның үлкен мәжіліс залында жастар саясаты бөлімі мен «Болашақ» АЖО ұйымдастыруымен 1сәуір - Дүниежүзілік күлкі күніне орай, «Жекпе-жек» атты Көңілді тапқырлар клубының ойыны ойнатылды. Аталған ойынға 4 команда (Жедел жәрдем, Бесінші, Тәрбиелі бұзықтар, Фармжастары) қатысып, жоғары деңгейде ойын көрсетті. Әділ қазылар алқасында медицина факультетінің декан орынбасары Аширов Бауыржан Отарбайұлы мен КТА-ның азулы қатысушылары Досбол Нұрым, Базарбаев Қуатжан және Досалиев Алтынбек пен Қарсақбаев Мұхит төрелік жасап, әділ бағаларын берді. ОҚМФА студенттік кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.Сейтжапбарқызының демеушілігімен жеңіске жеткен «Жедел жәрдем» командасына 30 000 теңге көлемінде қаржылай сыйлық берілді. «Тәрбиелі бұзықтар» командасы 2-орынды, «Бесінші» командасы 3-орынды өзара бөлісті. Барлық қатысушы командаларға диплом мен естелік үшін арнайы сыйлық ұсынылды.

961 1

961 2

961 3

10.04.2017, 06:16
351 қаралым