«Жаңа толқын» байқауы

IMG 20171106 WA0022

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастыруымен факультетаралық «Жаңа толқын» байқауы 2017 жылдың 2 қараша күні Жастар ресурстық орталығында өтті. Аталған байқау мақсаты жас өнерпаздарды анықтау, студенттердің бір-біріне деген достық сезімдерін арттыру.

IMG 20171106 WA0009IMG 20171106 WA0019

Медицина факультетінің деканы Б.Долтаева шараны ашып, қатысушыларға, жанкүйерлерге сәттілік тіледі. Клиника бағыты бойынша жүргізілген достық кездесуде екі факультеттің де студент жастары белсенділік танытып, факультет намысын жоғары дәрежеде қорғап шықты. «Үздік сценарий», «Үздік әнші», «Үздік көркемсөз» номинацияларымен медицина факультеті марапатталса, «Үздік би тобы», «Көрермен көзайымы», «Үздік жүргізуші» номинацияларын фармацевтика факультеті қанжығасына байлады.

IMG 20171106 WA0025 IMG 20171106 WA0027

Әділ қазы алқаларының құрамында Шымкент қаласы Ішкі саясат басқармасының Жастар ресурстық орталығының басшысы А.Убельтаев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының орынбасары С.Исмайлов, талантты жастар бөлімінің инспекторы О.Жүсіпов төрелік жасады. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясының студент жастары өнер саласы бойынша білім алып жатпаса да, өнерлі екендігін дәлелдеп шықты.

03.11.2017, 02:35
291 қаралым