«Жаңа толқын - 2018» байқауы

1260 2

2018 жылдың 7 қараша күні Жастар ресурстық орталығында Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы Әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты басқармасының ұйымдастыруымен факультетаралық «Жаңа толқын - 2018» байқауы өтті. Аталған байқау мақсаты: жас өнерпаздарды анықтау, студенттердің бір-біріне деген достық сезімдерін арттыру. 

Байқаудың ерекшелігі жылда әртүрлі тақырып беріліп, сол тақырыпты қорғап шығу. Биылғы жылы әдеби бағытта жүргізілген достық кездесуде үш факультеттің де студент жастары белсенділік танытып, факультет намысын жоғары дәрежеде қорғап шықты. 

1260 3

Байқауға төрелік еткен әділ-қазылар алқасының құрамында Ж.Шанин атындағы Шымкент қалалық академиялық драма театрының актеры С.Алмұратов, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Т.Есенбеков, ОҚМА музыкалық жетекшісі И.Абдукаримов, дене шынықтыру кафедрасының аға оқытушысы А.Жұмабекова, ЖСБ меңгерушісі Н.Ахметов болды. 

Байқау қорытындысы бойынша Бірінші орынды – Фармация факультеті, Екінші орынды – Медицина колледжі, Үшінші орынды – Медицина факультеті қанжығасына байлады. Сонымен қатар «Үздік биші», «Үздік әнші», «Үздік жүргізуші», «Поэзия оқу шебері» номинациялары бойынша жеңімпаздар анықталды. 

1260 4

Байқау жеңімпаздары мен номинанттар дипломдар мен бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Жаңа толқын - 2018» байқауы көрермендер мен қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй мен үлкен қуаныш сыйлады.

1260 5

1260 6

1260 7

1260 8

1260 9

09.11.2018, 21:56
224 қаралым