Жаңа байланыстар - жаңа мүмкіндіктер
2018 жылы қыркүйектің 15-не «Бірінші Ортаазиялық Паркинсон ауруы және қозғалыстың бұзылулары» конференциясы аясында, Испания, Барселона университеті, Биомедициналық зерттеулер институтының Паркинсон ауруын зерттеу Бағдарламасының директоры, неврология профессоры, нейрогенетика саласындағы танымал ғалым EduardoTolosa және Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
University College of London, Ұлыбритания, Неврология институтының Нейрогенетика зертханасының меңгерушісі Henry Houlden ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.
Pamukkale University (Түркия, Денизли) тарапынан, Нейрохирургия департаментінің меңгерушісі, нейрохирургия профессоры Feridun Acar меморандумға қол қойды.
Осы қол қойылған құжаттар Академияның ғылыми зерттеулер, студенттер алмасу, еуропалық білім кеңістігіне енуде жаңа бағыттардың бастамасы болып табылады.
Мәртебелі профессорларға Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының құрметті профессоры дипломдары берілді.