Жаңа байланыстар

Қазақстан болашақта Орталық Азиялық білім беру хабы болуға тиіс. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдері мәлімдеді. Осыған байланысты қазақстандық жоғары оқу орындарында шетел студенттерінің саны жылдан-жылға артып келеді.

1382 1

Қазақстандық білім беруді интернационализациялау шетелдік студенттерді тарту, қазақстандық жоғары оқу орындарына үздік білім беру бағдарламаларын қабылдауға, әлемдегі ең үздік профессорларды шақыруға және осылайша білім беру хабына айналуға мүмкіндік береді. 

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы осы бағытта жүре отырып, ұсынылатын білім беру бағдарламаларының ауқымын кеңейтіп, ағылшын тілінде сабақ беретін профессор-оқытушылар құрамының әлеуетін арттырады. 

Үндістаннан келетін талапкерлерді одан әрі тарту мақсатында, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының ректоры мен CIS Global medical education LLP компаниясының өкілдері Satyajit Singh және Amit Vatsa мырзалармен кездесу өтті. 

Студенттер алдымен қазақ немесе орыс тілдерін оқып үйреніп, сонан соң академияда оқу үшін Foundation бағдарламасын ашу мәселесі қарастырылуда.

08.05.2019, 00:15
330 қаралым