Жаңа бағыттар
Қазақстанның әлемдік білім беру және ақпараттық кеңістіктегі интеграциясы көпмәдениетті әлемге еркін бейімделуге қабілетті заманауи маманның тұлғасын қалыптастырудың жаңа жолдарын іздеумен байланысты.
Кредиттік технологияны енгізу, студенттердің академиялық ұтқырлығын арттыру университеттердің білім беру бағдарламаларын үйлестіруге, сондай-ақ шетелдік студенттерді қазақстандық жоғары оқу орындарына тарту мүмкіндігін береді.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстанда білім алуға тартылған шетелдік студенттердің санын жылына 50 мыңға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Оңтүстік Қазақстан Медициналық Академиясының басшылығы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің шетелдік студенттерді тарту туралы саясатын қолдай отырып, 2019 жылдың 31 қаңтарында Пәкістаннан келген шетелдік азаматтарды оқуға тарту қымзетін көрсету үшін Syan Consultants (Pvt) Ltd-Пәкістан компаниясының бас директоры Adeel Saqib мырзамен келісім-шартқа қол қойды.
Сондай-ақ, Qurtuba Consultants-Пәкістан компаниясының бас директоры Muhammad Arshad Javed мырзамен келісім-шартқа қол қойылды.