Ж.Түймебаев медицина академиясының құрамымен және студент жастармен кездесті

2018 жылы 3 сәуір күні ОҚО әкімі Ж. Түймебаев Оңтүстік Қазақстан медицина академиясына келіп, оқу орнының зертханасымен, атап айтқанда,  тек студенттер ғана емес, қала, облыс дәрігерлері келіп, ұшақта, поезда, аялдамада, жол көлік апаты орын алған жерлерде кенеттен жүрек қағысы тоқтап, инсульт жағдайындағы пациенттерге көрсетілетін алғашқы медициналық көмектің жылдамдығын арттыруға машықтанатын қымбат муляждар орналастырылған клинико-семуляциялық оқу бөлімімен танысты. 

1099 1

Жоғары оқу орнында бала өмірінің алғашқы күнінен жасөспірім кезеңіне дейінгі арнайы муляждар да бар.

Өңір басшысы оқу орнының студенттерімен, магистрларымен, интерн дәрігерлерімен, резиденттерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесе отырып, олардың назарын Қазақстандағы медицина және фармацевтикалық салалар үшін сапалы кадр дайындау мәселесіне аударды.

Атап айтқанда, құрылтайшы оқу процесінің алға дамуына мүдделі, сондықтан едәуір қаржы салуға дайын екенін атап өтті. Ж. Түймебаев жоғары оқу орнының оқыту және ғылыми жұмыстарындағы оң нәтижеге риза болды.

Облыстық маслихат депутаты, «ОҚМА» АҚ құрылтайшысы С. Сейтжанов оқу орнының алғашқы қадамына қысқаша  шолу жасап,  алдағы уақытта 7205 шаршы метрді құрайтын аудиториялық қоры бар қосымша жаңа корпус берілетініне тоқталып өтті.

Шымкенттің Боз арық аумағында жақын арада 150га жерде тек медициналық факультет қана емес, сонымен қатар бизнес мектебі бар Инновациялық университет, оған қоса оқу корпустары, спорт және тұрғын үй кешендері, 1000 орындық жатақхана бой көтеретіні туралы айтып өтті.

ОҚМА ректоры, м.ғ.д., профессор М. Рысбеков ЖОО жақсы нәтижелерге қол жеткізу алдында, себебі инвестор қаржысын оқу процесін дамытуға салып отырғанын, оқыту кеңістігін қолдап, оның жетілуіне ықпал жасауда деп  сөзін қорытындылады.

Айта кетейік, 2017-2018 оқу жылында медицина академиясында 3771 студент білім алса, оның 238 шетелдік жастар. Ондағы білім алушыларға үш тілде 300-ден астам профессорлық-оқытушылық құрам сабақ береді.

Райхан Шаймерденова, журналист

06.04.2018, 06:52
410 қаралым