Жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасындағы Академиялық ұтқырлық
2016 жылдың 13 қазан күні академиялық ұтқырлық шеңберінде, жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасына Семей Мемлекеттік Медициналық Университетінің неврология, психиатрия және жұқпалы аурулар кафедрасының доценті м.ғ.к Смаил Ербол Муслимұлы келді.
Оның келу бағдарламасында резидентура, интернатура, бакалавриат және ҮКДФ деңгейінде дәрістік және тәжірибелік сабақтарды өткізу, күрделі жұқпалы аурулары бар науқастарға кеңес беру, конференцияларға қатысу, инфектологияның өзекті тақырыптары бойынша бірлескен баспалар шығару болды.
2016 жылдың 14 қазан күні Смаил Ербол Муслимұлы «Резидентура, интернатурадағы білім беру процесіне диагностика және емдеу клиникалық хаттамаларды енгізу тәжірибесі» атты жоғарғы оқу орын аралық оқу-әдістемелік конференциясына қатысты.
Онда ол «Семей мемлекеттік медицина университетінде оқу процесіне клиникалық хаттама енгізу тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады, доцент, м.ғ.к. Смаил Ербол Муслимұлы келу барысында, жұқпалы аурулар және дерматовенерология кафедрасындағы профессорлық-оқытушылық құрамы өзара SBL, TBL, e-learning және басқада интерактивті әдістермен тәжірибе алмасты.