Жұмыс берушілердің қатысуымен өткен дөңгелек үстел
2019 жылдың 25 қаңтар күні «Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ-да стоматология және мейіргер ісі мамандықтары түлектерін дайындау бойынша жұмыс берушілердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл іс-шараға академияның оқу-әдістемелік жұмыстары жөніндегі проректоры Анартаева М.Ұ., факультет декандары, бөлім басшылары, кафедра меңгерушілері, облыстық клиникалық ауруханасының, облыстық онкологиялық диспансерінің, облыстық балалар клиникалық ауруханасының, қалалық кардиологиялық диспансердің мейіргер ісі мамандары, қаланың мемлекеттік және жекеменшік секторларының стоматологтары қатысты.
Дөңгелек үстелде «Интернатура және түлектерді жұмысқа орналастыру» бөлімінің деканы м.ғ.к., доцент Досыбаев Б.Қ.: «Медициналық кадрларды даярлауда ЖОО мен жұмыс берушілердің бірлескен жауапкершілігі», «Стоматологиялық пәндер» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент м.а. Шукпаров А.Б.: «Стоматологиялық қызмет кадрларын даярлау», «Жедел медициналық көмек және мейіргер ісі» кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Сейдахметова А.А.: «Мейіргерлік білім беруді жаңғырту» баяндамалары тыңдалды.
Кездесу барысында стоматология және мейіргер ісі мамандықтары түлектерін кәсіби қызметке дайындаудағы білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселелері талқыланып, резолюция қабылданды.