Жүлделі орын құтты болсын!

2020 жылдың 9 қыркүйек күні Шымкент қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай этнос өкілдері арасында «ҚХА кубогы» үшін КТК ойындары өтті. ОҚМА атынан Республикалық премьер лига жайдарман ойындарында оқу орнымыздың намысын қорғап жүрген «Эксперимент» КВН командасы қатысып жүлделі 3-ші орынды иеленді.

1552 1

Айта кетейік, «Эксперимент» жайдарман тобы тамыз айының 16-23 аралығында Нұр-Сұлтан қаласында өткен Республикалық премьер лига ойынының 1/8 финалына қатысып, сәтті өнер көрсетіп, 1/4 ширек финалына жолдама алып, екі бірдей теле түсірілімге түсіп келген болатын. Жігіттерді ОҚМА ұжымының атынан шын жүректен құттықтай отырып, жеңісті жолдарын жалғастыра беруіне тілектестік білдіреміз.

1552 2

10.09.2020, 05:29
276 қаралым