Жезөкшелікпен айналысуға немесе өзге де сексуалдық сипаттағы қызмет көрсетуге тартудың қылмыстық жауаптылығы тақырыбында кездесу

01 қараша 2024ж күні Жастар саясаты бөлімінің ұйымдастырумен Құқық бұзушылықтар профилактикасын іске асыру мақсатында «Жезөкшелікпен айналысуға немесе өзге де сексуалдық сипаттағы қызмет көрсетуге тартудың қылмыстық жауаптылығы, сондай-ақ осы қылмыстың құрбаны болмаудың жолдары және оның денсаулыққа қаупін түсіндіру» бойынша іс-шара өткізілді.
Кездесуге Аль-Фараби АПБ ЖПК ЮПБ,аға инспектор, полиция майоры Юсупов Хабибулла Ибадуллаевич, Ертаев Асқар Сансызбаевич Шымкент қалалық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері, Еңбекші ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің инспекторы Қамбар Маратбекұлы Тоқтасын қатысты. Кездесу TEDx форматында өтті. Ертаев Асқар Сансызбаевич Шымкент қалалық ЖИТС-тың алдын алу және онымен күресу орталығының эпидемиолог дәрігері жұқтыру жолдары мен алдын алу, эпидемиологиялық жағдай туралы айтып берді. Келесі сөз кезегін алған Аль-Фараби АПБ ЖПК ЮПБ,аға инспектор, полиция майоры Юсупов Хабибулла Ибадуллаевич білім алушыларға нашақорлықтан аулақ болуды, буллинг,кибербуллинг және әкімшілік құқық бұзушылық туралы толық түсіндіріп өтті. Кездесу соныңда Еңбекші ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің инспекторы Қамбар Маратбекұлы Тоқтасын жастарды салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді пайдалануға шақырды.

01.11.2024, 18:20
279 қаралым