«Зерттеушілердің мансабын дамыту үшін Marie Skłodowska-Curie Actions шәкіртақылары» атты вебинар өткізу туралы
Құрметті әріптестер!
2018 жылдың 19 ақпан күні сағат 14:00-де Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесі «Көкжиек-2020» («Горизонт-2020») бағдарламасы аясында «Зерттеушілердің мансабын дамыту үшін Marie Skłodowska-Curie Actions шәкіртақылары» атты вебинар өткізеді.
Мақсаты: «Мария Склодовская-Кюри» бағдарламасының мүмкіндіктерімен, өтінім беру рәсімімен және іріктеу шарттарымен таныстыру, конкурсқа қатысу бойынша тәжірибелік кеңестер беру.
Спикерлер:
- Шайзада Өмірзаққызы Тасбулатова, Эразмус+ бағдарламасының Ұлттық кеңсесінің Директоры;
- Камила Тусупхановна Мағзиева, Horizon 2020 NCP-KZ Ұлттық Үйлестірушісі, Қазақстандағы ғылыми зерттеулерді қолдау бойынша Тәуелсіз Сараптамалық-Консультативтік Кеңесінің Директоры (Inexcb-kz).
Іс-шараға қатысу үшін мына сілтеме бойынша тіркелу қажет: https:/goo.gl/ayQ32b.